ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Министрліктің (бұдан әрі – Еңбекмині) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (бұдан әрі – МӘМ) арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және оларда карантиндік шаралардың сақталуы жөніндегі ұсынымдарының орындалуын тексеру мақсатында Түркестан облысына келді.

Ерлан Әукенов өзінің жұмыс сапарымен №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, №3 Көксаек арнаулы  әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен №4 Тасарык арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

07.08.2020 - 15:48
Өзгертілді: 07.08.2020 - 15:48

 

        Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлемді тағайындауға өтінімдерді қабылдау кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

         16 шілдеден бастап біржолғы төлемді тағайындау үшін бірыңғай жиындық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдарға смс-хабарламаларын жолдау арқылы проактивті қызмет ұсынылды. Осы санаттағы проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдер проактивті қызмет көрсету аяқталғаннан кейін қабылданады.

29.07.2020 - 15:15
Өзгертілді: 29.07.2020 - 15:15